12.05.2019, 09:21

Индонезиядағы сайлау комиссия мүшелерінің өліміне не себеп?

Индонезияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сайлаудан кейін дауыстарды санау кезінде сайлау комиссисының көптеген мүшесі инфаркт пен инсульттың салдарынан қайтыс болған, деп хабарлайды day.az.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Индонезия сайлау комиссиясының жүздеген қызметкері қайтыс болған. Олардығ 2,5 мыңнан астамы сайлаудан кейін дауыстарды санау кезінде көп жұмыс істегендіктен ауруханаға жатқызылған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сайлаудан кейін 496 адам қайтыс болды. Орталық сайлау комиссиясы, өз кезегінде, қайтыс болғандардың шамамен жас шамасы 50-ден 70 жасқа дейін екенін атап өткен.

21 сәуірде Индонезияда президент, вице-президент, ұлттық парламент депутаттарын сайлауы өткен болатын. Сайлау комиссиясы 22 мамырда сайлаулардың қорытындысын жариялайды.