$ 448.15  483.46  4.86

"Астана" чемпион

"Астана" футбол клубы "Ақтөбе" командасын жеңіп, Қазақстанның чемпионатын екінші мәрте жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 8 қарашада "Астана Арена" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 

Бұл ойынға "Ақтөбе" командасының бас бапкері Йоан Адоне бірқатар негізгі ойыншыларды алмады, оның ішінде қақпашы Стас Покатилов пен қорғаушы Юрий Логвиненко бар. Соңғысы команда капитаны. Өз кезегінде Станимир Стойлов болса мықты құрамды шығарды. Екінші таймда "Ақтөбе" ойыншысы Дидар Жалмұқан қақпашымен бетпе-бет келген еді, алайда Ненад Эрич қақпасын аман алып қалды. Ал "Астана" осыдан кейін есеп ашу мүмкіндігіне ие болды, бірақ Рохер Каньястың голы (78-ші минут) офсайдтан орындалғандықтан, саналмады. Осыдан кейін 85-ші минутта алмасқан Сергей Хижниченко қызыл қағаз алып, ойыннан шығып қалғаны сол еді, Жуниор Кабананга гол соғып, "Астанаға" чемпиондықты алып берді. Ал Хичжиченконың ойыннан шығып қалуы жанкүйерлердің наразылығын туғызды.  

Ал өз кезегінде "Ақтөбе" клубы осымен он бірінші мәрте чемпионат жүлдегері болып отыр. Ал екінші орынды алматылық "Қайрат" жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары