Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ақшасын ұрлағандар мен тиімсіз пайдаланғандардың қатаң жазаланатынын айтты. Бұл туралы ол 13 мамырда Оралға сапары кезінде сөз қозғады, деп жазылған Ақорданың твиттер парақшасында.
Тоқаев бюджет қаржысын халықтың ақшасы екенін айтты.
«Халықтың ақшасын тонауға немесе иемденуге ешкімнің құқы жоқ. Мемлекеттік сатып алу саласындағы коррупциямен де күресеміз. Онда сыбайлас жемқорлық шектеуден асып түседі», – деді Тоқаев.
Қазақстан президенті аймақ басшыларын халықпен етене жақын болуға шақырды.
Сондай-ақ Тоқаев әкімдерге халықтың шағымы мен өтінішіне уақытында құлақ асуға шақырды.