Жаңалықтар 14.05.2019 сағат 03:00

Telegram месенджерінде президент Тоқаевтың суретімен бейнеленген стикерлер пайда болды

Telegram месенджерінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті бейнеленген стикерлер пайда болды. Қазірдің өзінде желі қолданушылары көңіл күйлерін президенттің суреті арқылы жеткізіп жатыр, деп жазады SN.KZ ақпараттық порталы.

Telegram месенджерінде президент Тоқаевтың суретімен бейнеленген стикерлер пайда болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Стикерлерді Toqayev Team энтузиастер тобы дайындаған. Жаңа суреттердің арқасында сіз өзіңіздің сезіміңізді және көзқарасыңызды жеткізе аласыз. 

Жалпы стикерлер хабарлама жіберушіге ғана емес, хат оқып отырған адамға да ерекше көңіл күй сыйлайды. Экранның ар жағында отырған адамның эмоциясын сезінуге мүмкіндік береді. 

Әзірге Telegram қолданушылары президенттің 9 стикерін пайдалана алады. Ол үшін https://t.me/addstickers/Toqayev сілтемесіне өтуі тиіс. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар