$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында эстафета барысында 15 жастағы оқушы көз жұмды

Ақмола облысында полиция қызметкерлері 15 жастағы жеткіншектің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға 17 мамыр күні сағат 12:30-да Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындар эстафетасын өткізу кезінде болған, деп хабарлайды informburo.kz.

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға эстафета кезінде болды.

Жарысқа қатысушы 9 сынып оқушысы мәреге жетер жолда есінен танып, құлап қалған.

Жасөспірімге облыстық емдеу-профилактикалық диспансерінің медициналық қызметкерлері бірден көмек көрсеткен. Кейін оны ауруханаға алып барғанымен, оқушы есін жимастан сағат 13:00 шамасында көз жұмған.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, жасөспірімнің жүрегі ауырып жүрген көрінеді. 

Жеткіншек тірі болғанда 6 маусым күні 16-ға толатын еді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары