Жаңалықтар 22.05.2019 сағат 11:38

Блогер Шымкент мектептерінде гранттың сатылып жатқанын айтты

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан ұстаздары» деген топта Серік Нұрханов есімді желі қолданушысы мектептерде грант сатылып жатқанын айтып дабыл қақты.
Блогер Шымкент мектептерінде гранттың сатылып жатқанын айтты
фото ernur.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан ұстаздары» деген топта Серік Нұрханов есімді желі қолданушысы мектептерде грант сатылып жатқанын айтып дабыл қақты. 

«Шымкентте тұратын бір танысыммен сөйлескем. Мектептерде грант сатылып жатыр дейді. Бағасы 400 мыңнан миллионға дейін екен. «Балаңыз грант сатып ала ма, жоқ па? Сатып алатын болса, жылдық бағаға жақсы баға қойып қояйын»,- деп сынып жетекшісі ашық айтыпты. Кейбіреулер грантты сатып алып дайындап қойыпты»,- деп жазған ол.

« Бұл бос сөз», «Серік Нұрханов ондай өтірік, өсек əңгіме не керек. Мен Шымкентте тұрамын жəне мектепте жұмыс істеймін. Ондай жоқ. ФактІмен, дəлелмен шығарыңыздар постты», «Грантты емес, балды сатып алады десеңіз, сенуге болады. Төмен балл жинаған бала жоғары балл жинаған баланың қасында қалай грант алады. Ол БАҚ-та жарияланады ғой», «Әй, сауатсызым-ай, грант мектептің қолында деп кім айтты саған. Грантқа жылдық бағаның не қатысы бар. Грант ҰБТ-да жинаған балға байланысты ЖОО-да белгілі болады» деген желі қолданушыларының көбі бұндай қауесетке сенбейтіндерін жазған.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар