$ 498.34  519.72  4.85

Мұсылман жігіті Париждегі жарылыс кезінде мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды

Париж қаласындағы «Стад де Франс» стадионындағы жарылыс құрбандарының саны әлдеқайда көп болар еді. AP және WSJ ақпарат агенттіктерінің таратқан жаңалықтарында аталмыш стадионда күзетші-бақылаушы болып қызмет атқаратын Заур есімді мұсылман жігітінің қырағылығы арқасында мыңдаған жан аман қалған көрінеді.

Кейбір баспасөз құралдарында оның шыққан тегі сириялық екені айтылады деп жазады muslim.kz. 13-қараша күні ол өзінің қызмет орнында, дәлірек айтқанда, спортшылар киім ауыстыратын бөлмеге апаратын тоннельді қарауылдап тұрған. Дәл осы жерден беліне жарылғыш зат ораған жанкешті билеті барын, бірақ адасып кеткенін айтып, өтіп кетпек болады. Басталғанына он минуттай болған ойынға кешігіп қалатынын айтып алдаусыратқанымен, оның бұл қулығы жүзеге аса қоймайды. Тіпті болмағасын, күштеп өтіп кетуге тырысқан оны Заур ұстап үлгереді. Арпалыс үстінде оның беліне байланған жарылғыш белдік байқалып қалады. Жанталаса жүріп Заурдың қолынан сытылып шыққан жанкешті бар күшімен жүгіре жөнелген. Алайда, айғай-шуды естіп оқиға орнына келіп жеткен полицейлер оның алдынан шығады. Басқа амалы қалмаған лаңкес тура сол жерде өзін жарып жібереді. Жарылыстан жақын келген бір полицей көз жұмады. Іле-шала үш минуттан соң стадионның басқа жағынан жарылыс орын алады. Қанды оқиғаны зерттеушілердің айтуынша, Заурға ұсталып қалған жанкешті жоспар бойынша өз-өзін алаң ортасында жаруы тиіс болған. Бұдан соң шошынған халық шығар есікке топталғанда, оның екі әріптесі «белдіктерін» іске қосады. Осылайша, кептеліс кезіндегі жарылыс мыңдаған жанның өмірмен қоштасуына себеп болатын еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары