Жаңалықтар 03.06.2019 сағат 12:41

Дәретханада отырғанын көрсеткен Аманғали Сыпабеков жұрттан сөз естіді (ВИДЕО)

«Шалбармен отырмын. Өйткені бұл шалбармен отыратын әжетхана екен. Терезені қарасаңыздаршы. Осындай әжетхана бола ма енді», - дейді Аманғали Сыпабеков.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әжетханада отырған бейнежазбасын жариялаған әзілкеш жұрттың ашуын келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аманғали Сыпабеков әжетханада отырған видеосын желідегі парақшасына жүктеп, жазба қалдырған. Әзілкешке әжетхананың ішіндегі терезе ұнамай қалған болуы керек, сол терезені сынаймын деп, Аманғали Сыпабековтың өзі сынға қалды.

«Шалбармен отырмын. Өйткені бұл шалбармен отыратын әжетхана екен. Терезені қарасаңыздаршы. Осындай әжетхана бола ма енді», - дейді Аманғали Сыпабеков.

Әзілкештің бұл қылығын көрген жұрт ашуға булығып, жарыса пікір қалдырды. 

«Неге шалбарыңды шешіп көрсетпейсің?», «Осы жігіт басынан жеркенішті өнерімен жүретін еді», «Осындайды көрсете ме халыққа? Ұят қой мынау», «Не деген ақымақ адамсыңдар», - десті жұрт.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар