$ 498.34  519.72  4.85

Өнер адамдары мұражайға гид болып орналасып жатыр

16 қараша сағат 14:00-ден бастап эстрада әншілері мен отандық ақын-сазгерлер музейге келушілерді қарсы алып, оларға Қазақстанның өткені мен бүгіні жайлы баяндайды.

Мысалы әнші Қарақат Әбілдина Алтын залында, ал Қалқаман Сарин Ежелгі дәуір бөлімінде экскурсия жүргізеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ жұлдызды гидтер қатарында Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров,,Клара Төленбаева және Құрмаш Мақанов бар. Экскурсиядан кейін тарих әуесқойлары әншілердің  концертін тамашалай алады. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша мұндай шара Ұлттық музейдің имиджін көтеріп, халықтың тарих пен құнды жәдігерлерімізге деген қызығушылығын артыруға сеп болады. Айта кеткен жөн, 26 қараша күні мұражай билеттерінің құны өзгермейді. Бір адамға кіру құны 500 теңгені құрайды. Қалқаман Сарин, жобаға қатысушы: - Іштей дайындалып жүрміз. Психологиялық дайындық керек. Осы жердегі гид болып істеп жүрген қыздар мен жігіттерге арқа сүйеп жатырмыз. Осындағы қызметкерлерден ақыл-кеңес сұраймыз. Күн сайын хабарласып тұрамыз. Немқұрайлы қарауға болмайды. Ертең алдыңа келген адамдарға нақты тарихи деректермен сөйлеу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары