$ 448.15  483.46  4.86

Жаңадан құрылған екі агенттіктің басшылары тағайындалды

Күні кеше агенттіктің екіге бөлінгенін хабарлаған болатынбыз.
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Анар Нұралықызы Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, ал Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Анар Нұралықызы 1969 жылы 10 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Банк ісінің жоғарғы мектебінде «салықтар мен салық салу ісі» мамандық меңгеріп шыққан.

Еңбек жолын 1991 жылы ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкерінен бастап, 1994-1997 жылдары ОҚО сотында аға кеңесші, 1997-ден 1999 жылға дейін ОҚО сотының судьясы, 1999 жылдары ҚР Әділет министрлігінде басшының орынбасары, басқарма бастығы, ҚР Президент әкімшілігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға сарапшысы, 2000-2004 жылдары ҚР Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі, 2004-2008 жылдары ҚР Жоғарғы сотының судьясы, 2016 жылға дейін ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, қазірге дейін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған.

Алик Шпекбаев Жатқамбайұлы 1957 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы ҚСРО ІІМ Шымкентте арнайы мектебін бітірді.1987 жылы ҚСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1992 жылы РФ ІІМ Академиясын тәмамдады.

1980-1991 жж. - Алматы облыстық ІІБ бөлімшелерінің оперативті және басшылық құрамы лауазымдарында қызмет етті. 1991-1992 жж. - РФ Академиясының тыңдаушысы, 1995-1997 жж. - Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында қызмет етті. 1997-2000 жж. - Алматы облысы МТКБ басшылық лауазымдарында қызмет етті. 2000-2003 жж. - Алматы облысы ІІБ бастығы, 2003-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі қызметін атқарды. 2008 жылғы қараша айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2014-2015 жж. - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2016 жылдың 12 қаңтарынан 28 қыркүйекке дейін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ) төрағасының орынбасары, 2016 жылдың 26 қыркүйегінен бастап - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Алик Жатқамбайұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. Күні кеше агенттіктің екіге бөлінгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары