Ан-2 ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адамның жағдайы нашар, деп жазады Sputniknews.kz.
«Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Біреуі Нұр-Сұлтан теміржол ауруханасына ашық бас-ми жарақатымен жеткізілді», – деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, 20 маусымда шамамен таңғы сағат тоғызда Ақмола облысының Целиноград ауданында ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесінің арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды.
Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты.