$ 495.2  522.34  4.94

Сапарбаев оралмандарға баспана беру мәселесін қозғады

Бұл ретте Бердібек Сапарбаев  осыдан 10 жыл бұрын елімізде оралмандарды бейімдеу орталықтары, жатақханалар болғанын еске салды.
Фото: Total.kz
Фото: Total.kz

Қазақстанда оралмандарды бейімдеу орталықтары құрылады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Екіншіден, қоныс аудару барысында қала не болмаса ауылға яғни, жергілікті жерлерге байланысты отбасының әрбір мүшесіне шамамен 8 мың теңге төленеді. Егер пәтер не болмаса тұрғын үй бірден берілмесе, онда 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді», - деді министр. 

Бұл ретте Бердібек Сапарбаев  осыдан 10 жыл бұрын елімізде оралмандарды бейімдеу орталықтары, жатақханалар болғанын еске салды. 

«Өкінішке орай, олардың қайда кеткенін білмеймін. Дегенмен, онымен айналысуымыз керек. Қазіргі уақытта біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», - деді ол. 

Сонымен қатар, Еңбек министрі бұл мәселеге қатысты тиісті комитетке тапсырма берілгенін атап өтті. 

«Бастапқы кезде қандай да бір баспана берілуі тиіс. Олар өзге елден келді, бұл жерде таныстары да, туған-туыстары да жоқ», - деді Б.Сапарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары