$ 495.2  522.34  4.94

Арыстағы жарылыстан 34 адам дәрігер көмегіне жүгінді

Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Фото: ZTB.kz
Фото: ZTB.kz

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«34 адам Ордабасы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы тексерілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

«Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берген болатын.

Бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. 

Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. 

Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары