$ 498.34  519.72  4.85

Арыстағы жарылыс: 3 адам ауыр хәлде

Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, зардап шеккендердің қарасы 10 адамға жуықтайды, олардың қазір үшеуі ауыр жағдайда.
Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Арыс қаласында болған жарылыстардан зардап шеккендердің алғашқы легі тез арада Шымкенттегі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп жазады Otyrar.kz.

Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, зардап шеккендердің қарасы 10 адамға жуықтайды, олардың қазір үшеуі ауыр жағдайда.

«Адамдар қазірдің өзінде келіп жатыр, оларды қабылдаймыз және дереу қажетті көмек көрсетеміз. Біз зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз», — деді Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берген болатын.

Бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. 

Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. 

Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.

Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары