$ 448.56  478.03  4.79

Шымкентте бомба туралы жалған ақпарат таратқан әйелдер ұсталды

«ҚР ІІМ тұрғындарды  әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуді және үрейге бой алдырмауды сұрайды. Ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады», - деп хабарлады ведомстводан.
Фото: www.saratovnews.ru
Фото: www.saratovnews.ru

Шымкенттік тәртіп сақшылары қуатты бомба жарылысы болатындығы туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелді ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ішкі істер органдары ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соңғы тәулікте аталған бап бойынша үш қылмыстық іс қозғалған. 

«ҚР ІІМ тұрғындарды  әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуді және үрейге бой алдырмауды сұрайды. Ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады», - деп хабарлады ведомстводан. 

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қаза болған адамдардың саны  үшеу екенін ресми түрде растап отыр. Хабарланғандай, көз жұмғандар саны бұдан да көптігі туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат - жалған.  

«Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде Ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз», - деді ІІМ-нен. 

Бұған дейін, бомба жарылатындығы туралы ақпарат таратып, жұрт арасында дүрбелең туғызған бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Шымкент қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, шаһардағы эвакуациялық бекеттердің бірінде Арыс қаласының тұрғыны «Арыста қуатты бомба жарылып, Шымкентке жетеді» деген хабарламаны естіп, сол жердегі адамдарға таратқан. 

«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігі «Көрінеу жалған ақпарат тарату, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлаған болатын полицияда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары