$ 494.87  520.65  4.91

Оқушыларды сабаған мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алматы полициясы балаларды ұрған педагогті қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

26 қарашада бұл факті Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 140-бабымен (педагогтың немесе басқа қызметкердің кәмелетке толмағанға қаталдықпен қарауға ұласқан кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше атқармауы) сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша өндірісті Түркісіб ауданы ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі жүзеге асырады.

Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл оқиға 25 қарашада Алматының Түркісіб ауданында орналасқан жалпы білім  беру мекемесінде орын алғаны анықталды. Бейнекадрларда 22 жастағы мұғалімнің құқыққа қарсы әрекеттері бейнеленген.

Болған оқиға жөнінде полицияға ешкім хабарлаған жоқ, оқушылардың ата-аналарынан өтініштер түспеген. Ішкі істер департаменті 28 қарашада Интернет желісінде пайда болған бейнежазбаға жедел үн қатты және Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылдады.

Бұл факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары