$ 498.34  519.72  4.85

Өздерін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырғандар халықты алдап жүр

Соңғы уақытта 1414 бірыңғай байланыс орталығына өздерін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адамдар жайлы ақпарат көп түсе бастаған.

Өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырып жүргендер қазақстандықтарды алдап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы уақытта 1414 бірыңғай байланыс орталығына өздерін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адамдар жайлы ақпарат көп түсе бастаған. Олар азаматтарға бюджетте қарызы барын және ЖСН бұғатталатынын айтқан. Оның алдын алу мақсатында жеке тұлғаға қатысты деректерді сұрастырады екен. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО қызметкерлерінің бұл жайтқа қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді және ұқсас қоңыраулар алған азаматтарға құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары