$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қырғыз азаматы әйелдің гаражға тығып қойған 164 мың АҚШ долларын ұрлаған

«164 мың АҚШ долларының жартысы ұрының қолында болып шықты. Қалған жартысын ол Алматы облысында әр жерге тығып үлгерген».
Фото: Херсон
Фото: Херсон

Алматы тұрғыны үйіне тығып қойған 164 мың АҚШ долларынан айрылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 34 жастағы келіншек үйі мен жерін сатып, одан түскен 164 мың АҚШ долларын гаражға тығып қойған.

«Бірақ ол моншаның құрылысын бастағанда жасырып қойған ақшасын алуды ұмытқан. Күндердің күнінде құрылысшы жұмыскерлердің бірі телефонын өшіріп, жұмысқа келмей қойған. Ол қасындағы әріптесіне 100 000 теңге берген де, қайтарып жіберген. Осы кезде үй иесінің көңіліне күдік ұялайды. Тығып қойған ақшасы орнында жоқ болып шықты. Үй иесі бірден полицияға хабарласқан. Тергеу тобы 35 жастағы қырғыз азаматын бірден тапты. Ол Алматының ортасында пәтер жалдап тұрып жатқан жерінен ұсталды. 164 мың АҚШ долларының жартысы ұрының қолында болып шықты. Қалған жартысын ол Алматы облысында әр жерге тығып үлгерген. Ақша иесіне қайтарылды. Кей бөлігін Қырғызстанға анасына жіберген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді қалалық полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары