Журналист, ақын Есей Жеңісұлы күні кеше ғана тілшінің Арыс жайлы сұрағына жауап берген ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа арнап өлең жазды.
Жеңісұлының Facebook әлеуметтік желісіне жарияланған туындысын назарларыңызға ұсынамыз:
Журналист, қызықсың, айтарың болды ма? Шенеунік бір сөзбен қояды орныңа. Жай жатқан оқтұмсық өзінше жарылса, Кешірім сұрайтын министр сорлы ма?!
Әрине, дұрыс қой көңілде алаңың, Бұл деген – «мінезі» Табиғат-Ананың. Ненің не екенін айыра алмастай, Министр ақымақ емес қой, қарағым...
Жер жетпей жатқандай, қоймаға жақындап, Үй салып алған ғой адамдар топырлап. Олардың еркіне қойсаң бұл дүниені, Бомбаның үстінде шай ішіп отырмақ.
Халықтың кінәсі үшін де былайғы, Министр қалайша кешірім сұрайды?! Олардың тәңірі көкте емес, жерде ғой, Әуре боп іздей ме, аспаннан Құдайды?
Бұл қазақ немене? Кеще ме, әй, тегі? Бомбадан қорықса, оралып қайтеді? Шымкенттен там сатып алсын да, отырсын, «Үйімді жөнде» деп айтпасын, әйтеуір...
Айта кетейік, күні кеше ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылысқа қатысты кешірім сұрамайтынын айтқан болатын.
Тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы оның отставкаға кетуін талап етсе, Айгүл Орынбек министрді қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды.