$ 494.87  520.65  4.91

Пәкстанда учлищеге шабуыл жасаған 4 лаңкес өлтірілді

Былтыр желтоқсан айында Пәкістанның Пешавар қаласындағы училищеге лаңкестік шабуыл жасалып, салдарынан 140 адам қаза тапқан болатын. Осы оқиғаға қатысы бар деп ұсталған күдіктілерді ел билігі өлім жазасына кескен. Кеше солардың төртеуінің үкімі жүзеге асырылды деп хабарлайды Reuters.

Дереккөздің мәліметінше, төрт тұтқын Кохат қаласындағы түрмеде дарға асып өлтірілген.

Қылмыскерлерді 13 тамыз күні соттаған болатын. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, олар пәкстандық тәлібтермен тығыз байланыста болған.

Аталған қанды оқиғаға дейін Пәкстанда өлім жазасына мораторий жарияланып, қылмыскерлер тек түрмеде жазасын өтеумен құтылатын. Алайда, Пешавардағы лаңкестік оқиға аса жауыздықпен жасалғандықтан ел билігі бұл мораториды алып тастап, өлім жазасын қайта күшіне енгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары