Британдық жігіт линзамен душқа түсіп, оң көзінен айрылды. Бұл туралы Life.ru сайты Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ник Хамфрис 2018 жылдың басында оң жақ көзінде тыртықтың барын байқап қалған. Сол кезде дәрігерлер ер адамға акантамебалық кератит диагнозын қойған.
Дәрігерлер Никтің оң көз қарашығынан Acanthamoeba түріндегі амеба тапқан. Амеба жарасы су тиген линзалар арқылы көздің ішіне еніп кеткен.
Жігіт көзге арналған тамшыларды пайдаланып жүрген. Көлік жүргізіп келе жатқан оның көзі кенеттен мүлде көрмей қалған.
Оның көзіне бірнеше операция жасалған. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның көз қарашығын ауыстырып жатыр. Хамфрис душ душқа линзамен түсудің осыншалық зиян екенін білмеген.
«Егер мен осындай жағдай басыма түсетінін сезгенімде, ешқашан линза атаулыға жоламайтын едім», - дейді ол.