12.07.2019, 16:22

Kaspi bank бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген адамға 10 млн теңге сыйақы ұсынды

Total.kz
«Мұқият болыңыздар! Өз ақшаңызды алаяқтарға сеніп тапсырмаңыздар», - делінген жазбада.

Kaspi банк атын жамылып, алаяқтықпен халыққа уәде етіп жүрген бұрынғы қызметкерін іздестіруде. Бұл туралы банктің Instagram-парақшасында жазылған.

«Павлодарда Kaspi-дің бұрынғы қызметкері Сексембаев Руслан Владиславович банктің атын жамылып, Kaspi-дің клиенттерін алдап келген.

Кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен ол жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген, содан кейін қашып кеткен. ⠀ Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. ⠀ Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде. ⠀ Алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 000 000 теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды. ⠀ Деректерді +7 705 211 16 93 телефон нөмірі арқылы Kaspi-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады. ⠀ Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексеңіздер, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуді сұраймыз.  ⠀ Банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін естеріңізге саламыз. Банк ешқашан біреудің шотына қаражат аударуды талап етпейді. ⠀ Мұқият болыңыздар! Өз ақшаңызды алаяқтарға сеніп тапсырмаңыздар», - делінген жазбада.