$ 494.87  520.65  4.91

43 градус ыстық: Ауа райының қатты ысуына байланысты ескерту жарияланды

15-16 шілде аралығында Ақмола облысында 35-38 градусқа дейінгі ыстық сақталады.

Алдағы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометтің" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

15-16 шілде аралығында Ақмола облысында 35-38 градусқа дейінгі ыстық сақталады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 16 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Аймақтағы дауылды ескертудің көрсеткіші 90-95 пайыз. 

Солтүстік Қазақстан облысында 15-16 шілде аралығында дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 пайызды құрап отыр.

Облыстың кей жерлерінде 37 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. Сондай-ақ, Қостанай облысында 15 шілдеде күндіз 36 градус, кей жерлерінде 39 градус күтіледі. Аталған аймақта да дауылды ескерту 90-95 пайызды құрап отыр. 

15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43 градус қатты ыстық болады. Аймақтағы дабылды ескерту 95-100 пайыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары