Маңғыстау қаласының бұрынғы тұрғыны Карина Сыдықова президенттен көмек сұрайды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтан үлкен қызын қорғауды өтінді, деп хабарлады Stan.kz.
30 жастағы әйелдің айтуынша, қызы өзіне бірнеше рет зорлық жасаған адаммен бір шаңырақта тұрып жатыр. Айыпталушы тек шартты түрде жазаға кесіліп, қыз баланы отбасынан шығармаған. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
«Мен 2005 жылдың 23 қазанында некеге тұрдым. 7 жыл некеде болдым. Үш балам өмірге келді. 2011 жылы кіші қызым өмірге келгенде үлкен қызымды бұрынғы күйеуімнің әпкесіне асырап алуға келісім бердім. Менің шоктық күйімді пайдаланып, енем қол қойдырып, нотариуспен растатып алды.
2013 жылы некеміз бұзылды. Екі бала менің қасым да қалды. Ажырасқан соң мен Алматыға кетіп қалдым. Үш жыл бойы балаларын әкесіне сеніп жіберіп отырдым. 2016 жылы үлкен қызым 10 жаста болған. Ол үш жыл бойы өзін үйінде қонақ болған ер адамның зорлап келгенін айтты.
Күйеуімнің туысы үлкен қызыма бірнеше рет зорлық әрекет жасаған. Мен Алматы прокуратурасына шағым жаздым. Бұл істе құқық қорғау органы немқұрайлық танытты. Тергеу сегіз айға созылды. Мен қайта-қайта хат жазып, парламентте кездесуге мүмкіндік алған соң іс сотқа жіберілді.
Психиатриялық сараптама тағайындалып, айыпталушы кінәлі деп танылды. Алайда белгісіз себептермен ол кіші қызы тұрып жатқан мекен-жай бойынша жазасын өтеу керек болды.
Менің кіші қызым зорлықшымен бірге тұруға мәжбүр. Орган қызметкерлері баланы отбасынан қайтаруға себеп көріп отырған жоқ. Сот қызымды асырауға беруден бас тарту туралы өтінішімді қабылдамайды. Олар қызым тұрып жатқан үйде материалды-тұрмыстық жағдай барын айтты. Балам зорлықшы тұрып жатқан үйде жүр. Ол қызды осы отбасынан шығарып алуға көмектесіңіздерші», - деді анасы.
Ол аты-жөнін толық көрсетпегенімен, Бас прокуратурада өзі туралы мағлұмат толықтай бар екенін айтты.