17.07.2019, 03:05

Сағынтаев полицейлерге қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырды

Әкім Полиция департаментінің жаяу патрульдеу жұмыстарын жиілеткенін айтты.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев полиция қызметкерлеріне қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырды. 

«Қала тұрғындарын шаһардағы қылмыстық жағдай алаңдатып отыр. Алматы қаласының Полиция департаментінде болған кездесуде мен уақыт бойынша, аптаның күндері мен қылмыс жасалған орындар бойынша қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырдым.

Осы ретте қала тұрғындарын өздерінің тұрып жатқан аудандары мен көшелерінде қылмыстық жағдайдың қаншалықты өзгергендігі жөнінде айтып отыруды сұраймын. Біздің қаламызда тәртіпсіздікке көнбеушілікті қалыптастыру керек. Қоғам өкілдері кеңінен қамтылмайынша, бұл мәселені толыққанды шешу мүмкін емес»,- деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.