$ 494.87  520.65  4.91

«Боққа арзымайтын мың жобаға халықтың ақшасын құйып...»: тележүргізуші LRT-ға БЖЗҚ ақшасын салуға қарсылық білдірді

Бүкіл халық қарсы болады деп ойлаймын», - деді Сәуле Әбілдаханқызы.
Фото: Алаш айнасы
Фото: Алаш айнасы

Тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы елордадағы LRT жобасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы салынуына қарсылық білдірді. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазба қалдырды. 

«Осындай боққа арзымайтын мың жобаға халықтың ақшасын құйып, біреуінен бір нәтиже шыққан жоқ. БЖЗҚ-да бірдеңе қалды ма екен өзі? ЛРТ, ЛБТ-сымен қосып... Мен де қарсымын. Бүкіл халық қарсы болады деп ойлаймын», - деді Сәуле Әбілдаханқызы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алтай Көлгінов бұл жобаны орта жолдан тоқтата алмайтынын айтқан.

Сонымен қатар, елорда әкімі «LRT құрылысы бойынша «Астана» банкінің бұғатталған барлық қаражаты мемлекетке қайтарылуы тиіс», - деген болатын.

Ал Мұхтар Тайжан бұл жобаға кеткен халықтың ақшасын қайтаруды сұрады. 

Сондай-ақ, LRT жобасын BI GROUP басшысы Айдын Рахимбаев та сынап тастады.

Еске салайық, кейбір БАҚ-та экономист Рақым Ошақбаевтың пікірі тарап кеткен болатын. Оның айтуынша, Астана LRT жобасын зейнетақы қоры қаржыландыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары