Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде студенттердің бірі өлтірілді деп жазады Nur.kz.
Қазіргі таңда оқиға орнында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға болған аймақ қоршауға алынып, тергеушілер өз жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Қылмысқа кінәлі деп айыпталған күдікті дереу ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылған. Ол да осы университеттің студенті. Күдіктінің не үшін кісі өлтіргенін тәртіп сақшылары анықтап жатыр.