$ 449.58  486.94  4.86

«Бала менікі емес»: сүйген жігіті жүкті кезінде тастап кеткен қыз мұңын шақты

Кейін ұл тудым, анам өзімізге аламыз деді. Үйде 3 қыз болғасын баланы өздері бағатынын айтты. Мен де жарайды, əкесіз өскенше мені өсірген əкем мен анамның қолында өссін дедім.

«Құрметті оқырман, мен жастықпен тағдырдан таяқ жедім. Бәрі өзімнің кінәм, ешкімнен көрмеймін. Бірақ кейде өткенді ойласам, өмірімді қайта бастағым келеді. Әттең, бірақ өткенге өкінгеннен еш пайда жоқ қой. Мен сіздерден кеңес сұрайын деп жазып отырмын. Ары қарай қалай өмір сүремін?

Жасым 18-де. Осыдан екі жыл бұрын ақымақтығымнан екіқабат болып қалдым... Жақсы көрген жігітім бір-ақ күнде тастап кетті. «Бала менікі емес» деп кете барды. Анам мен əкем де білді, үйде айқай-шу болды. Бар ауыртпалық анама түсті, жылап-жылап жүрегі ауырды. баланы алдыртқым келген, бірақ бәрі кеш болды.

Кейін ұл тудым, анам өзімізге аламыз деді. Үйде 3 қыз болғасын баланы өздері бағатынын айтты. Мен де жарайды, əкесіз өскенше мені өсірген əкем мен анамның қолында өссін дедім.

Бəрі жақсы болған осы күнге дейін, балам осы үйге шуақ əкелді. Сол күлсе бәріміз күлеміз, жыласа жылаймыз Қазір сәбиім 1 жастан асты. Тәп-тәтті балапанның қылығына бәріміз қуанамыз, əкем де соның сөзін сөйлейді.

Осыдан 1 аптадай бұрын əкем мен анам ұрсысып қалды. Мамам маған «Сенің кесіріңнен ұрсысып қалдық, жолдан бала тауып нең бар еді. Енді әкең маған осыны өмір бойы бетіме басатын болды», деді.

Осы сөзден кейін өзімді қоярға жер таппадым. Отырып ойландым, бəрі менің кесірімнен болса, баланы алып кетейін... Бізді көрмесе, көзіне күйік болмасақ, мамама да ондай сөздерді айтпайтын шығар.

Қалай ойлайсыздар, кеткенім дұрыс па? Тағы сұрайын дегенім, Шымкенте аналар үйінің адресін кім біледі?»

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары