$ 448.15  483.46  4.86

Қытайда жемқорлықпен ұсталған адамдардың стадионда атылғанын көрдім - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жазаға қатысты өзінің пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнадан» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ресейлік журналист Алексей Пивоварпен сұхбат барысында ҚР Президенті жемқорлық үшін өлім жазасына кесілгендерді өз көзімен көргенін жеткізді. 

«Бір рет жемқорлықпен ұсталған адамдардың стадионда атылғанын көрдім. Ондай да болған. Әсері ауыр енді. Жүк машинасынан көздері байлаулы адамдарды түсіріп әкелді де, үкімдерін оқып шықты. Әр адамның желкесінен атты. Бұл 1988 жылы Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың бірінде болды», - деп еске алды Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жазаға қатысты өзінің пікірін білдірді. 

«Бір жағынан мұндайды көрудің өзі ауыр. Екінші жағынан сынап та отырған жоқпын. Бұл сол мемлекеттің тарихи және мәдени дәстүрі. Егер осындай тәсіл қолданбаса, елдегі жағдайды бақылауда ұстай алмау қалуы мүмкін. Айтпақшы, ол жақта тек жемқорлық үшін ғана емес, тонау, қарақшылық, зорлық көрсету сияқты қылмыстар үшін де ату жазасы қолданылады», - деді Президент. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «31» арнадан жүріп жатқан «Президент 2.0» деректі фильмінде Президент лауазымына қалай бой үйреткенін де айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев