$ 448.56  478.03  4.79

Сарыағашта түн жарымында әкесімен дүкенге шыққан 4 жасар қыз жоғалып кетті

Әкесі 4 жастағы қызын ертіп орталық дүкенге барғанда жоғалтып алған.

Түн жарымда әкесімен дүкенге барып жоғалып кеткен төрт жасар қыз табылды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны түнгі сағат 00.00.шамасында 4 жастағы қызын ертіп орталық дүкенге барған.

Керек жарағын ап, сауда жасап болған соң ғана әкесі жетегіндегі бүлдіршін қызының жоқ екендігін байқаған. Әлі тілі шыға қоймаған қызын дүкеннен іздеп таппаған соң әйеліне хабарласып екеуі тағы екі сағат шарқ ұрып іздеген.

Түн жарымда бүлдіршінінен көз жазып қап есі шыққан ата-ана жергілікті полиция бөліміне хабар берген. Тәртіп сақшылары Сарыағаштың көшелерін, ондағы камералардың жазбаларын қарап жедел іздестіру шарасына кіріскен.

Түн ауа көше бойында жылап жүрген төрт жасар бүлдіршін қызды полицейлер тауып, полиция бөліміне ата-анасын шақырып табыстаған.

«Әкесінен қалмай дүкенге барамын деп жылады. Қызымның көңілін қалдырмай түнгі уақытта жіберіп едім. Нәтижесі осы болып отыр ғой. Жеті түнде қызымды жіберген өзім де мүлде дұрыс істемедім. Алайда әкесіне сеніп едім. Полицейлердің тез арада бағыт алып, тауып бергеніне ризамын. Әсіресе, Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Заман Қошбаевқа айтар алғысым шексіз. Бұзақыларға жолықпай, дін аман болғанына Аллаға шүкір», - дейді қапелімде қызынан айырылып қала жаздаған анасы.

Түркістан облысының полицейлері ата аналарға балалардан көз жазып қалған жағдайда уақыт жоғалтып алмай, дереу полицияға хабар беру керектігін ескертеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары