$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында 500-ге жуық дәрігер келеді

60-қа жуық хирург және басқа да салалық мамандар келуі тиіс.

Биыл Алматы облысына жолдамамен 443 дәрігер келетіні жоспарланып отыр. Бүгінде өңірге 500-ден астам медицина маманы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат . 

2009-2018 жылдар аралығында Жетісу өңіріне 2162 дәрігер келген. Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы түрлі жеңілдіктер жасалды. Баспанамен қамтылып, пәтер алуға жеңілдетілген несие, сондай-ақ көтермеақы берілді. Бірақ облыс халқының саны өсуіне байланысты өңірге әлі де бірқатар маман жетіспейді. Сондықтан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы «Жас маман» бағдарламасын әзірлеп, жоғары оқу орындарынан келетін мамандарды қарсы алуға дайындалуда. Басқарма басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, өңірге 160-тан астам жалпы тәжірибедегі дәрігер, 40 акушер-гинеколог, 60-қа жуық хирург және басқа да салалық мамандар келуі тиіс. 

«Медицинада қызмет сапасын жоғарылату үшін дәрігерлерге қаралатын адамдардың саны, яғни жүктемесі тиісті болуы тиіс. Бір дәрігерге 1700 адам қаралуы керек. Бүгінгі күнде бұл сан өте жоғары. Сондықтан ол көрсеткішке жету үшін біз дәрігерлер санын көбейтуіміз қажет», - деді басқарма басшысы Бауыржан Ысқақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары