Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына өтініш айтты. Шаһар басшысы су ағып жатқан арықтарға қоқыс тастамауды сұрады.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.
Қала басшысының айтуынша, қазіргі таңда Алматының төрт ауданындағы арықтарда су ақты. Олар: Әуезов, Алмалы, Бастандық және Медеу аудандары.
"Арықтарда судың сыңғырлап ағуы — біздің қаламыздың қайталанбас көрінісі, оның ерекшелігі. Қашанда осылай болған. Су жібергеніміз жақсы жаңалық. Қала қызметтері, әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады. Арықтарды таза ұстау, оған қоқыстарды лақтырмау бәрімізге ортақ іс. Бұл менің қалалықтарға жасаған өтінішім" , - деді Алматы басшысы.