ОКҚ-да өткен брифингте ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» директорының орынбасары Зекен Исмайылов VPN-ді бұғаттаудың техникалық мүмкіндіктері бар екенін айтты деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.
«Техникалық тұрғыдан алғанда, мүмкіндік бар. Түйін сөз - техникалық. Бұғаттау тек деструктивті парақшалар мен контентке қойылады.
Егер сот шешімі немесе уәкілетті органның бұйрығы болса, онда VPN бұғатталады. Егер олай болмаса, онда жоқ деген сөз», - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Исмайылов.
Оның айтуынша, VPN-мен бірге қазақстандық қауіпсіздік сертификатын пайдалануға болады.