26.07.2019, 17:12

Эльмира Суханбердиеваның кенжесі неден қайтыс болғаны анықталды

Фото: Aif.md
Қайғылы оқиға бейсенбі Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған.

Бұрынғы білім вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ұлының қазасының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға бейсенбі Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған. Сағат 22:10 кезінде Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік бөліміне үйдің ауласындағы бассейнге кішкентай баланың батып кеткені туралы хабарлама түсті.

«Оқиға орнына келген Іле ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған баланың үйдің маңындағы бассейнге құлап, батып кеткенін анықтады», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.