Ресейлік журналист, теле- және радио жүргізушісі Владимир Кара-Мурзаның қазасы туралы ұлы хабар берді.
"Тарихшы, тележурналист, "ескі НТВ-ның" негізін қалаушылардың бірі. Менің әкем. Бүгін таңертең сағат 8-де өмірден озды", - деп жазды кіші Владимир Кара-Мурза.
Владимир Кара-Мурза 1959 жылы 24 қазанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдады. 1982-1992 жылдары тарихтан жеке сабақ беріп жүрді.
Телевидениеге 1992 жылы келіп, 1993-1995 жылдары НТВ жаңалықтар қызметінің тілшісі болып істеді. Әр жылдары телеарнада "Сегодня в полночь", "Свидетель века" бағдарламаларын жүргізген.
Владимир Кара-Мурза "Золотое перо России" жүлдесінің иегері (1995), Ресейдің телевидение академиясының мүшесі болған (2007 жылдан бері).
Дереккөз: Sputniknews.kz