13 жастағы мектеп оқушысының жүктілігін Павлодар полициясы тексеріп жатыр. Қызының жүктілігі жайлы анасы полицияға хабарлаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ол қызының жүктілігі туралы медициналық тексеруден кейін білгенін айтты. Оның айтуынша, 16 жастағы бала қызымен жыныстық қатынасқа түскен. Жас жігітке қатысты тергеу басталды.
Қыз бен жігіт бір-бірін ұнатқандықтан, қызығушылық үшін жыныстық қатынасқа түскендерін мәлімдейді.
«Құрметті ата-аналар! Балаларыңызбен жыныстық тәрбие туралы сөйлесіңіз. Ешқашан бұл әңгімені мектепке, дәрігерлерге, көшеге, аулаға, ғаламторға сілтемеңіз. Оны сіз үйретуіңіз керек», - делінген полиция хабарламасында.
Сарапшылар ата-аналарға балаларымен жыныстық тәрбие туралы әдебиеттер оқып, сауаттылық фильмдерін көруге кеңес берді.