31.07.2019, 14:28

Нұр-Сұлтанда жоғалған ер адам 3 аптадан бері іздестіріліп жатыр

Фото: volgograd.kp.ru
Максим елорда күні қарсаңында, 5 шілде күні жоғалған. Велосипедпен серуенге шыққан оның ұялы телефоны соңғы рет Бабатайұлы көшесінде қосылып, артынша өшкен.

38 жастағы Максим Синицынді туыстары мен полиция іздеп жатыр. Ол Нұр-Сұлтан күні қарсаңында Көктал ауданында кешкі серуенге шығып, содан қайтып оралмаған. Максим туралы үш аптадан бері ешқандай ақпарат жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Максим елорда күні қарсаңында, 5 шілде күні жоғалған. Велосипедпен серуенге шыққан оның ұялы телефоны соңғы рет Бабатайұлы көшесінде қосылып, артынша өшкен. 

Жоғалған ер адамның ерекше белгілері - бойы 160 см, шашы - қою сары, көк көзді, оң қолының кішкентай саусағының бөлігі жоқ, саусақтарында тату, белінде үлкен меңі бар.

Жоғалған күні ол қою қызыл түсті жейде мен қара шалбар киген.

Егер сіз Максим Синицын жайлы ақпарат білсеңіз, 8 705 550 84 25, 8 778 694 66 12 немесе 102 телефонына хабарласуларыңызды өтінеміз.