$ 498.34  519.72  4.85

Дәрігерлер әйел адам өлген соң, ағзаларын мұқтаж 4 адамға бөліп берген

Қант диабетімен ауыратын Кристал Эмили Энн есімді 32 жастағы келіншек асқазан асты темірі мен бүйрегін ауыстырамын деп донор іздеген. Алайда 12 шілде күні әйелдің денсаулығы нашарлап, көз жұмған.

Әйелдің өлімі 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kent Online басылымына сілтеме жасап.

Британияның Дартфорд қаласындағы Кент графтығының тұрғыны өлім алдында донор болып, 4 адамды құтқарып қалды. 

Қант диабетімен ауыратын Кристал Эмили Энн есімді 32 жастағы келіншек асқазан асты темірі мен бүйрегін ауыстырамын деп донор іздеген. Алайда 12 шілде күні әйелдің денсаулығы нашарлап, көз жұмған.

Британдық азаматшаның өлімінен кейін бауырын екі науқас балаға, жүрегі мен өкпесін мұқтаж ер адамдарға салған. 

Эмили Энннің туыстары мен мед қызметкерлер оның мейірімді әрі ашық болғанын айтады. Ал науқастың дәрігері Эмили Энн екі баланың анасы екенін жеткізді. Оның Тайлер және Лейтон есімді ұлдары болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары