$ 449.58  486.94  4.86

Көкшетауда көшеде қыз зорлаған 40 жастағы ер адам ұсталды

Оқиға 3 тамыз күні қаладағы Назарбаев даңғылында болған.

Көкшетауда түнде көшеде қызды зорлаған 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамыз күні қаладағы Назарбаев даңғылында болған. Түнгі ондар шамасында жедел басқару орталығына белгісіз ер адамның көшеде қызды зорлап тастағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастады. Көп ұзамай 1979 жылы туған Көкшетау тұрғыны қолға түсті. Күдіктінің бұған дейін істі болғаны анықталды.

40 жастағы ер адам қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары