$ 492.65  525.71  5.03

«Астана LRT» ЖШС бұрынғы басшысы жымқыру фактілері анықталғанша қашып кетті - Әсет Исекешев

Талғат Ардан «Астана LRT» ЖШС басшысы қызметінен 2017 жылы шілде айының соңында босатылған болатын.

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан жасаған заң бұзушылықтарға қатысты материалдар полицияға 2017 жылы берілді, деп жазады Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі, Қазақстанның тұңғыш президенті қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев мәлімдеді. 

Талғат Ардан «Астана LRT» ЖШС басшысы қызметінен 2017 жылы шілде айының соңында босатылған болатын.

«Біз оны қызметінен босатқанда, бірқатар материалды сол кезде-ақ құқық қорғау органдарына жолдаған едік», - деді елорданың бұрынғы әкімі.

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы шетелге компаниядағы жымқыру фактілері анықталғанға дейін қашып кеткен. Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген Талғат Арданға қатысты тергеу 2018 жылдың жазында бір-ақ басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері төрт жыл бұрын «Астана LRT» бюджет қаражатынан мердігер ұйымдардың біріне 300 миллион теңгеден астам ақша аударылғанын хабарлады. Сол кезде лимиттен 125 миллион теңге артық аударылғаны анықталды.

Қазір Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Ол елордадағы жеңіл рельсті көліктің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары