31 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін көпқабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кетіп, мерт болды деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қайғылы оқиғаға қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді.
«Оқиға кеше кешке Е-30 көшесі бойында тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Тексеру барысында анықталғандай, 31 жастағы қала тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін тұрғын үйдің 6-қабатынан секіріп, қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.