07.08.2019, 17:56

«Әйелдердің ар-намысына тиеді»: ІІМ зорлауға қатысты бапты ауырлатуы мүмкін

Өте қатаң жазалар көзделген, тек әр жағдайды жеке-жеке қарау керек.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев зорлауға қатысты бапты одан да ауыр бапқа ауыстыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

«Зорлау бойынша бізде барлығы норматив бойынша бекітілген. Бірінші бөлігі бар, екінші бөлігі бар, топтық зорлау бар - барлығына қатаң жаза қарастырылған. Өте қатаң жазалар көзделген, тек әр жағдайды жеке-жеке қарау керек. Сондықтан қазір бір бапта жаза жеңілдеу, біреуінде қатаң деп айта алмаймын», - деді министр. 

Министрдің айтуынша, зорлау - ауыр қылмыс. 

«Меніңше, бұл ауыр қылмыс, ол әрбір адамның конституциялық құқығын бұзады. Бұл әйелдердің ар-намысына тиеді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.