$ 448.56  478.03  4.79

ШҚО: Эксковатор жер қазу барысында өртеніп кетті

Өрт 13 шаршы метр аумақты алған.

Өскемен маңындағы Нұрлыкөш ауылында жер қазып жатқан эксковатор жанып кетті, деп хабарлайды Altaynews.kz ақпараттық порталы.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жұмыс істеп жатқанда мотордан өрт шыққан көрінеді. Көліктің панелі мен салоны жанып кетті. Өрт 13 шаршы метр аумақты алған.

– Оқиға өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болған. Өкінішке қарай, осындай себеппен жыл басынан бері 30-дан астам көлік жанып кетті, – дейді басқарманың баспасөз қызметкері.

Төтенше жағдай қызметкерлері өрт шыққан жағдайда уақыт оздырмай 101-ге хабарлау керектігін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#экскаватор