Сарапшылар Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек ресурсын дамыту орталығына сілтеме жасап.
Жарияланған тізімде бірінші орында заңгерлер тұр. Былтырғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған.
Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техник-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ге жуық) бар.
Ал жоғары сұранысқа ие мамандықтарға бүгінде экономистер, шаштараздар, қаржы қызметкерлері, тігіншілер мен техник-технологтар кіреді.
Бұдан бөлек, сарапшылар сатушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, эколог, инженер-экономист мамандықтарына да сұраныстың төмен екенін айтады.