$ 494.87  520.65  4.91

Алматы мен Шымкентте жер сілкінді

Тәжікстанда орын алған жерасты дүмпулерін қазақстандықтар да сезді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының сайтында хабарланғандай, жер сілкінісінің эпицентрі Душанбеден шығысқа қарай 364 шақырым қашықтықта орналасқан және магнитудасы 7,2 балл.

Жерасты дүмпулерін Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары сезінді. Көпқабатты тұрғын үйлердің люстралары қимылдап, терезелері сықырлаған.

Қазақстанның ұлттық мәліметтер орталығы Алматыдағы жер сілкінісінің қуаты 2-3 балды, Шымкент пен Таразда 3-4 балды құрағанын айтып отыр. Дүмпулер сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда да байқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары