Әзірбайжанда сабаққа қатыспаған оқушылар енді айыппұл төлейтін болады. Ел президенті Илхам Әлиев осындай заң жобасына енгізілген түзетулерге қол қойды деп хабарлайды «Интерфакс-Азербайджан».
4 желтоқсан күні Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулер Мили Мәжілісте мақұлданған деп жазады Yeni Zaman басылымы. Жаңа заң жобасына сәйкес, егер оқушы бір айда 7 немесе одан да көп күн мектепке себепсіз бармайтын болса 100 манат (29 мың теңге) айыппұл төлейтін болады.
Айта кету керек, әлемнің дамыған елдерінде мұндай тәжірибе қалыптасқан. Мәселен, Ирландия мен Ұлыбританияда және АҚШ-та полицейлер сабақ уақытында көшеде жүрген жеткіншектерді тоқтатып, мектепке не себептен бармағандығының себебін анықтайды. Егер оқушы сабақтан себепсіз қалған болса оның ата-анасына әкімшілік жаза қолданылады.