$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да жыл басынан бері 66 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашты

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың он айында 66190 нәресте дүние есігін ашты. Оның 654-і егіз болса, 10-ы үшем, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

 

Өңірімізде соңғы 5 жылда 300-ден астам жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артты. Материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді.

Айта кетейік, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 66500 сәби туылған.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең үлкен үш қаланың бірі. Сондай-ақ, халық саны да жыл санап артып келеді. Халықы тығыз орналасқандықтан аймақ ретінде саналатын бұл өңірдің халқы да балажан және қазақы келеді. Ал бала туу көрсеткішінің көбейуіне тағы бір себеп, ол ел эеономикасының тұрақты түрде дамып келе жатқандығының арқасы деуге болады. Мемлекет дүниеге жаңа келген әрбір балаға бір жолғы жөргек пұл мен бір жасқа дейін төленетін жәрдемақыны жыл сайын көтеріп келеді. Бұл да жас отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлкен көмек болып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар әр жыл сайын сапалы жабдықталған жаңа балабақшалар да ашылып жатыр.  Мемлекет қарапайым қалықтың барлық жағдайын жасаған сәтте, халық санының артуы да заңдылық болса керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары