$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте автобус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)

Қақтығыс бүгін шамамен 08:50-де болған.

Шымкентте автобус жүргізушілері аялдамада қақтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қақтығыс бүгін шамамен 08:50-де болған. Автобус жүргізушілері жолды бөлісе алмай, ақыры қозғалысты бөгеттеп тастаған. Одан кейін жолаушылардың көзінше төбелесе бастаған. Біраз уақыттан кейін автобус жүргізушілері екі бөлек кеткен. 

Автобус жүргізушілері аялдама жанында төбелес ұйымдастырғаны үшін жазаланды.  

"Жүргізушілердің аты-жөні белгілі болды. Оларды тірек пунктіне әкеліп, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент