$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандық оқушы әйгілі футболшы Мохамед Салахпен доп ойнады

Әли Тұрғанбеков бұған дейін "ПСЖ", "Барселона" футболшыларымен кездесіп, Диего Марадонаның өзімен футбол ойнаған. 2017 жылы өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де кездескен.

Қазақстандық оқушы Әли Тұрғанбеков әлемге әйгілі футболшы Мохамед Салахпен және "Ливерпульдің" басқа да жұлдызды ойыншыларымен кездесті. Бұл туралы Әлидің өзі Instagram парақшасына пост салды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Достарым мені УЕФА Суперкубогының финалына шақырды, онда өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының жеңімпазы ойнайды. Ливерпуль мен Челси! Мен УЕФА басшылығына, УЕФА қоры және әрине, Қайрат Советайұлына алғысымды білдіремін. Менің осы сапарымды ұйымдастырған сол кісі» деп жазды ол.

Еске сала кетсек, Әли Тұрғанбеков бұған дейін "ПСЖ", "Барселона" футболшыларымен кездесіп, Диего Марадонаның өзімен футбол ойнаған. 2017 жылы өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де кездескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары