$ 494.87  520.65  4.91

Нью-Йорк қазақтары еліміздегі Ресей полигондарын жабуды талап етті

Нью-Йоркте наразылыққа шыққандар Ресейдің Қазақстанда АЭС салу идеясына да қарсы болды.

12 тамызда Нью-Йоркте он шақты қазақстандық Ресейдің АҚШ-тағы бас консулдығының алдында наразылық акциясын өткізіп, Қазақстандағы Ресейдің әскери базалары мен полигондарын жабуды, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын шығуды талап етті, деп жазады Азаттық.

Нью-Йорктегі шараны ұйымдастырушылар өздерін «FreeKazakhs Еркін Қазақтар - Америкада құрылған саяси оппозициялық ұйым» деп атайды.

Олар «Мәскеу Қазақстанда агрессиялық саясат жүргізіп жатыр. Ресей Байқоңырдан зымыран ұшырғанда гептил пайдаланбауы тиіс. Бұл Қазақстан экологиясын ластап, аймаққа жақын тұратын адамдарды қатерлі ісікке шалдықтырады, балалардың денсаулығына зиян» деп санайды.

Нью-Йоркте наразылыққа шыққандар Ресейдің Қазақстанда АЭС салу идеясына да қарсы болды. Наразылар «Қазақстанның Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында ықпалы жоқ, сондықтан екі ұйымнан шығуы тиіс» деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#НьюЙорк